Алматыда Mazda көліктерін ұрлап жүргендер ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Mazda көліктерін ұрлап жүргендер ұсталды Фото:polisia.kz

Алматыда Mazda көліктерін ұрлап жүргендер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Mazda көліктерін ұрлап жүргендер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Қарасай ауданының үш тұрғыны 9 көлік ұрлығына қатысты деген күдікпен ұсталды.

"Қазіргі уақытта 23 жастағы Қарақалпақстан тумасы мен оның 22 және 28 жастағы екі сыбайласының мойнында көлік ұрлау бойынша 9 дерек бар. Үштік Mazda автокөліктерін ұрлауға маманданған. Көлік ұрлағандарды әшкерелеу және ұстау іс-шарасын патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргіздік. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер 23 жастағы Я. есімді азамат, оның сыбайласы 22 жастағы туған К. есімді азамат және ұрланған көліктерді сатып алушы 28 жастағы Д. есімді азамат ұсталды. Олар бұрын сотталмаған. Өз кінәларын бірден мойындады. Тергеу іс-шаралары барысында 4 көлік табылды, олар айғақты зат ретінде қылмыстық іске қосылды, ал қалғандары қайта сатылған немесе қосалқы бөлшектерге бөлшектелген", – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Ұрланған көліктердің тұрған жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында қылмыскерлер қамауға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети