Алматыда монша кешеніндегі жасырын казино анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда монша кешеніндегі жасырын казино анықталды Фото: gov.kz

Алматыда монша кешеніндегі жасырын казино қызметі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агентігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда монша кешеніндегі жасырын казино қызметі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агентігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ойын бизнесі туралы" Қазақстан заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында заңда белгіленген орындардан тыс казино және ойын автоматтарының қызметіне тыйым салынған.

Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, Алматы қаласы бойынша аумақтық департамент қызметкерлері Алматы қаласындағы монша кешендерінің бірінде орналасқан астыртын казино қызметін анықтаған.

"Тексеру кезінде мекемеде 23 ойыншы, сондай-ақ қызмет көрсетуші персонал болғаны анықталды. Қызметкерлер шұға, түрлі номиналдағы ойын фишкаларын, колодадағы пластикалық карталарды тәркіледі. Сонымен қатар, астыртын казинода тек тұрақты клиенттерді өткізу жүйесі жасалған. Ойыншылардың қаражатын қабылдау казино ұйымдастырушыларының карта есепшоттарына аудару арқылы жүргізілген", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру ісі басталған. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети