24 тамыз 2016 | 10:40

Алматыда мопед ұрлағандар видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Алматыда мопед ұрлағандар видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда мопед ұрлағандар видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 19 тамызда сағат шамамен 16.00-де болған. Сөмкесі бар үш жігіт Әуезов, 10 мекен-жайындағы ауладан Racer маркалы қызғылт сары түсті мопедті алып кеткен. Олар тізгіннің құлпын бұзып алып, Әйтиев көшесінің бойымен Әйтеке би көшесінің қиылысындағы кафенің маңынан алып өткен. Осы жерде олар видеокамераға түсіп қалған.

Куәгерлердің айтуынша, жігіттер мопедті аулаға кіргізген, кейін видеодан олардың "Арзан" дүкенінің маңында Әйтеке би көшесінің бойында қойылған Toyota Camry және Toyota Land Cruiser Prado көліктерінің маңына келгені көрінеді.


Видео кадрлары

Алмалы аудандық ІІБ-дегілер күдіктілерді ұстау үшін барлық қажетті шараларды жүргізіп жатқанын хабарлады. Күдіктілердің белгілері: азиалық түр-кескін, арықтау келген, ақ және қызыл футболка киген, қара және сұр шалбар киген. Мопедтің ұрланғаны туралы мәлімет білетіндерден  87059008676 немесе 102 номерлеріне хабарласу сұралды. Мәлімет берген адамның сыйақысы да дайын екен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети