Алматыда мүгедек балаларға арналған орталықтың директоры пара алды деген күдікке ілінді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Білім басқармасының "Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған реабилитациялық орталығының" директоры пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Білім басқармасының "Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған реабилитациялық орталығының" директоры пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова хабарлады.

"Алматыдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті сотқа дейін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Директор 2018 жылдың ақпан айынан желтоқсан айына дейін болусышылық жасағаны үшін қызметкерлерінен 1,6 милллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деді брифингта Бастарова.

Оның айтуынша, істі тергеу барысында директор өз кінәсін мойындады. Оған қоса, оның сөзінше пара алды деп Алматы облысы Әділет департаментінің атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы күдікке ілінді.

"Ол жеке тұлғадан жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алу үшін және тағылымдамадан өтті деген құжатты алу үшін 150 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді", - деді Жанна Бастарова.

Оның айтуынша, күдікті өзінің кінәсін толығымен мойындағаны үшін қамауға алынбады. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro