24 қазан 2016 | 15:23

Алматыда мысық атқыш "снайпер" жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ТОП55 © ТОП55

Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Алматы тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 436-бабының 1-ші бөлімі ("Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық қарудан оқ ату, пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды ұшыру - Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда атыс қаруынан, газды (өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда), пневматикалық қарудан оқ ату - қару тәркiлене отырып немесе онсыз, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады) бойынша қарастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иконка комментария блок соц сети

2016 жылы 14 қыркүйекте шамамен сағат 20:00-де Алматы қаласында ер адам өз үйінде отырып, пневматикалық қарудан үйсіз (жабайы) мысықтарға оқ атып, абайсызда қарсы тұрған үйдің терезісін шағып алған. Содан терезесі бүлінген үйдің иесі арыз жазған. 

Мамандардың сараптамасының қорытындысы бойынша, тәркіленген қару пневматикалық болып саналды және атуға жарайды. 

Сот отырысында азамат өз кінәсін толығымен мойындап, келтірілген залалдың орны төленгенін мәлімдеді.

Құқық бұзушы сот үкімімен әкімшілік құқық бұзушылықты бұзғаны үшін жазаланатын болады. Оған 10 АЕК (212210) теңге айыппұл тағылды, қаруы тәркіленбейді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети