02 сәуір 2024 | 17:42

Алматыда офицер педофилия бабы бойынша бес жылға дейін сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шекара қызметінің бұрынғы әскери қызметкеріне педофилия бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шекара қызметінің бұрынғы әскери қызметкеріне педофилия бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әскери қызметкерге қатысты тергеуді Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы жүргізіп жатыр.

"2024 жылғы 29 наурызда әскери қызметшінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігі "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бойынша квалификацияланды. 30 наурызда күдіктіге қатысты соттың санкциясы бойынша қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп хабарлады Tengrinews.kz ресми сауалына ІІМ.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігінде белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жаза көзделген.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті редакция сауалына жауап бере отырып, аталған әскери қызметкердің жұмыстан босатылғанын хабарлаған болатын.

"Азамат К. жүргізілген қызметтік тексеру нәтижелері бойынша, жұмысқа келмеу дерегімен әскери қызметтен босатылды", - деп хабарлады ҰҚК.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети