Алматыда ОLIMP KZ ісі бойынша айыпталушылар сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда сот Олимп KZ букмекерлік кеңсесінің ісі бойынша айыпталушыларға үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда сот Олимп KZ букмекерлік кеңсесінің ісі бойынша айыпталушыларға үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алмалы аудандық сотында ОLIMP KZ қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Іс бойынша 20-дан аса айыпталушы бар, олардың 11-і сотталушы, ал тоғызы әлі іздеуде. Олар ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны, салық төлеуден жалтарғаны, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны (жылыстатқаны) үшін сотқа тартылған.

"Сот қылмыстық іс бойынша айыпталушылар тұрақты ұйымдасқан топ құрып, оның қызметін басқарғанын анықтады. Топтың негізгі қылмыстық әрекеті - букмекерлік қызмет түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру жолымен қылмыстық табыс алу, бюджетке салық төлеуден жалтару және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражаты мен өзге де мүлікті одан әрі заңдастыру", - делінген соттың баспасөз қызметі хабарламасында.

2014 жылғы қаңтардан бері сотталушылар жасаған іс-әрекет:

  • компания серверінің орнын Қазақстаннан тыс жерлерге өзгерту, "Олимп" букмекерлік кеңсесінің сайтына электрон казино ойынын кіргізу;
  • түскен ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру;
  • шетел валютасына айырбастау және Қазақстаннан тыс жерге әкету үшін курьерлерге беру, сондай-ақ оларды заңдастыру.

Олардың қылмыстық әрекеті нәтижесінде мемлекетке 95 миллиард теңгеден аса залал келген. Сотталушылар қылмыстық топтың бар екені туралы білмегендерін айтып, кінәсін мойындамады. Қорғаушы тарап соттан сотталушыларды ақтауды сұрады.

"Сот сотталушылардың кінәсі іс материалдарымен, соның ішінде жасырын тергеу әрекеттерімен дәлелденді деген қорытындыға келді. Сотта прокурор айыптауды қолдады және барлығына нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сот сотталушыларға жаза тағайындау кезінде жеңілдететін және ауырлататын жағдайлардың болмауын ескерді", - деп толықтырды сотта.

Сот үкімімен сотталушылар қылмыстық топқа қатысу дәрежесіне қарай 5 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға кесілді. Олар орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді.

"Сотталушылардың қылмыстық жолмен алынған мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленді. Сотталғандардан мемлекет кірісіне материалдық шығын - 95 миллиард теңге өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деді Алмалы аудандық сотындағылар.

Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында ҰҚК ОLIMP KZ букмекерлік кеңсесінің қызметін тексеруді бастаған болатын. Тергеу мәліметі бойынша, компания заңнама нормаларын бұзған және интернет-ресурстар арқылы белгілі бір кіріс алу арқылы лицензияланбаған қызметті жүзеге асырған. Ал бұл салаға салық салынбады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro