Алматы қаласында өз сыныптасын ұрлап әкетіп, кейін өлтірген жігіт сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Алматы қаласында өз сыныптасын ұрлап әкетіп, кейін өлтірген жігіт сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Соттың шешіміне сәйкес, Ақбұлан Орынбасарұлы мүлкі тәркілене отырып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі, 194-бабының 4-бөлігі, 120-бабының 2-бөлігі және 192-бабының 2-бөлігі бойынша айыпты деп танылды.
Сот залында істің жай-жапсары белгілі болды. Тергеудің мәліметінше, Қызылорда облысының 20 жастағы тумасы ұрлап әкеткен қызбен бір сыныпта оқыған. Мектепті бітіргеннен кейін олар бір жоғары оқу орнына түсіп, курстас болған. Өткен жылдың тамызында сотталушы қызды ұрлап әкетіп, SMS арқылы оның туыстарынан 4 миллион теңге ақша талап еткен. Кейін ол қызды зорлап, байлап, өлтірген. Оның денесін балабақша территориясындағы құдыққа тастапты. Бұл балабақшада ол күзетші болып жұмыс істеген.
Сотталушы қызды жасырғанын және ақша бопсалағанын ішінара мойындады. Бірақ зорламағанын және өлтірмегенін айтумен болды.
Жедел уәкілдердің мәліметінше, қыз 31 тамызда үйінен сағат 10-да шығып кеткен. Сол күні қыздың туысының ұялы телефонына студент қыздың орнына 4 миллион теңге сомасында ақша талап етілгені жазылған SMS түскен. Ол банк есебінен ақшаны алу сәтінде ұсталған.