Алматы қалалық ІІД өкілдері Алматы облысында үш ер адамның тұрғындарды қалай тонап келгендерін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қалалық ІІД өкілдері Алматы облысында үш ер адамның тұрғындарды қалай тонап келгендерін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қылмыстық топта Жамбыл мен Алматы облыстарының үш тұрғыны болған. Олардың екеуі осыған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған.
"Бұл ер адамдар көбіне тұрғындардың көліктерін ұрлап кетіп жүрген. Соңғы рет 4 пәтерді тонап және 4 рет бөтен біреудің көлік құралын иемденіп алған. Тонаушылар бастапқыда пәтерлерді тонау кезінде көліктердің екінші кілттерін тауып алып, кейіннен бірнеше күннен сол үйдің иелерінің көліктерін ұрлап кетіп жүрген. Сонымен қатар, олар бағалы заттар мен сандық техникаларды тонаумен айналысқан", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасының өкілдері.
Полиция мәліметінше, ұсталғандар қамауға алынды. Олардың аты-жөндері мен осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.