Алматыда пәтер ұрылары ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда пәтер ұрылары ұсталды Фото: polisia.kz

Алматы полициясы пәтер ұрыларын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы пәтер ұрыларын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясы баспасөз қызметінің мәліметінше, үш адамнан тұратын топ стандартты схема бойынша әрекет еткен. Алдымен олар аулаларды аралап, терезелер мен кіреберістерді бақылаған. Осылайша, құрбандарын таңдаған. Олар негізінен жұмыс күндері қылмыс жасаған.

Соңғы рет олар жалпы сомасы миллион теңге болатын алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлап кеткен.

"Екеуі тонауға бет алғанда, үшіншісі көлікте күтіп отырады. Былайша айтқанда, сақтық", - деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Айтпақшы, 38, 36 және 34 жастағы күдіктілердің бәрі Шығыс Қазақстан облысының тумалары. Үшеуі де осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олар мүлкін тәркілеумен екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деп түйіндеді Қуатбек Науатов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети