Алматыда 27 қыркүйекте пәтерден денесі табылған әйелдің өліміне қатысы бар делінген ер адам ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
Алматыда 27 қыркүйекте пәтерден денесі табылған әйелдің өліміне қатысы бар делінген ер адам ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
Күдікті қаза тапқан әйелдің күйеуі болып шықты. Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлері 1968 жылғы ер адамды ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, Алматыда пәтерден әйел адамның мәйіті табылған болатын. Көршісінің айтуынша, болжаммен, бұл сегізінші қабатта тұратын әйелдің мәйіті. Оның есімі - Гүлнара, жасы шамамен 50-де. Ер адамның айтуынша, әйел кәсіппен айналыспаған. Оның таныстарының айтуынша, әйел адамның мінезі жақсы әрі барлығымен жақсы қарым-қатынаста болған.