04 мамыр 2017 | 09:39

Алматыда полицейге шабуыл жасаған жүргізуші әкімдікте қызмет еткен болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда полицейге шабуыл жасаған Toyota Camry жүргізушісі түрмеге тоғытылуы мүмкін, - деп хабарлайды Patrul.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда полицейге шабуыл жасаған Toyota Camry жүргізушісі түрмеге тоғытылуы мүмкін, - деп хабарлайды Patrul.kz.

Басылымның мәліметінше, полицейлерден қашып, кейін жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші полиция қызметкеріне жүргізуші куәлігін көрсетудің орнына әкімдік қызметкерінің куәлігін көрсетіп, қорқытқан. Әкімдік қызметкерінің куәлігінде құжаттың Алматы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатту пайдалануды реттеу басқармасының атынан Алмат Шәймерденнің атына берілгені жазылған. Ол ұрып-соғамын деп қорқытқан және полиция қызметінен жұмыстан шығартатынын айтумен болған. Осыдан кейін полицейге жұдырық ала жүгірген.

Полицейлер оған кісен салып, наркологиялық диспансерге жеткізген. Алайда ер адам куәландырудан бас тартқан. Көшеден шақырылған кездейсоқ адамдар оның қол қоямайтынына куә болған. Ер адам наркологиялық диспансерде де полицейлерге былапыт сөздер айтып, үркітіп-қорқытумен болған. Сол сөздерінің бірінде ол сараптама қорытындысына қарамастан, істі өз пайдасына шешетінін айтқан. 

Сөйтсек, Алмат Шәймерден Алматы әкімдігінде шын мәнінде жұмыс ітеген екен. Бастапқыда ол табиғатты пайдалану басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы болған, кейін осы басқарманың тығыз-тұрмыстық қалдықтар бөліміне ауыстырылған. Ол таяуда өз қалауымен қызметтен кеткен болып шықты. 2014 жылдың ақпанында берілген куәліктің жарамдылық мерзімі өткен жылдың 31 желтоқсанында аяқталыпты. 

Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін хаттамамен қоса, ер адамға "билік өкіліне қатысты күш қолдану" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны айтылып отыр. Ал егер кінәсі толықтай дәлелденсе, ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

 

Еске салайық, оқиғаның видеосы кеше, 3 мамырда пайда болған еді. Видео кадрларынан ер адамның полицейге жақындап келіп, шірене соққы жасағаны көрінеді. Алайда тәртіп сақшысы қарап тұрмай, оған қайтара жұдырықпен соққы жасайды. Кейін ер адам "Кім сені ұрды?" деп сұрайды. Осыдан кейін полицейлер жүргізушіні ұстайды.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, бұл оқиға 1 мамырда, дүйсенбіде болған.

"Оқиға таңғы 5.50-де болды. "Полицейлер Бостандық ауданында қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген. Жароков көшесінде экипаж сұр түсті Toyota Camry маркалы көлікті байқайды. Көлік осы көшемен солтүстікке қарай жүріп бара жатқан. Шектен тыс жылдамдық асырған. Сосын полицейлер көлікті тоқтатқан. Алайда жүргізуші жасырынбақ болған. Жол полицейлері көлікті Жароков-Шевченко қиылысына дейін қуып барды. Жүргізуші осы жерде тоқтап тұрған Mitsubishi Montero көлігін соққан. Сәйкесінше, полицейлер оны ұстауға тырысты. Бірақ жүргізуші ашуға булығып, былапыт сөз айтып, қарсыласқан", - деді Салтанат Әзірбек. 

Сондай-ақ, оның айтуынша, жүргізуші полицейді жұмыстан шығартамын деп қорқытып, "байланысы бар" екенін айтумен болған. Сөйтіп, жүргізуші полицейге шабуыл жасаған. Мұнымен қатар, жүргізушінің аты-жөні анықталды. Ол 1986 жылғы, Алматы тұрғыны екен. Кейін ол кісен салынып, наркологиялық диспансерге жеткізілген. Алайда ашуы қайтпаған жүргізуші куәландырудан өтуден бас тартып, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Ал Алмалы аудандық ІІБ-де оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл - "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бабы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети