28 шілде 2016 11:00

Алматыда полицейлер "Айнабұлақтағы" қонақүйден жезөкшелерге толы притонды анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі © Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алматы полициясы жезөкшелерге толы притон ұстаған қонақүй әкімшілігін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы полициясы жезөкшелерге толы притон ұстаған қонақүй әкімшілігін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметі бойынша, мұндай бизнесті екі әйел мен екі ер адам басқарған. Қаланың "Айнабұлақ" ықшамауданында орналасқан қонақүйлердің бірінде олар әйелдердің өз тәнін табыс табу мақсатымен саудаға салуға мүмкіндік жасап, притон ұйымдастырған. "Шамамен сағат 22.30-да жедел-іздестіру шараларының барысында біздің бөлімнің қызметкерлері бұл айтылған қонақүйден 32 және 45 жастағы екі әйелді және 1985, 1986 жылы туған екі ер адамды ұстады. Қонақүйден жеңіл жүрісті он қыздың болғандығы анықталды. Жедел-тергеу тобы процесстік әрекеттер барысында күдіктілерден 177 мың теңгені тәркілеген. Алдын ала болжам бойынша, бұл ақша қылмыстық жолмен келген", - дейді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Оралбеков.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабының 2-бөлімінің 1-тармағы ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жыл басынан бері жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық бойынша 22 дерек, жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша 14 дерек, кәмелет жасына толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша 4 дерек, адам саудасы бойынша 2 дерек тіркелген.


© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети