25 қыркүйек 2018 | 09:31

Алматыда профессор өлі табылды. Күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында осыдан бір ай бұрын жоғалып кеткен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры 69 жастағы Ағыбай Смағұлов өлі табылды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында осыдан бір ай бұрын жоғалып кеткен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры 69 жастағы Ағыбай Смағұлов өлі табылды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Мұғалімдіктен бөлек Смағұлов егін шарушылығымен де айналысқан. 17 тамызда ол үйден шығып, қала сыртындағы ауылға барған. Одан кейін профессорды ешкім көрмеген. Туыстары бірнеше күн бойы хабарласқаннан еш нәтиже бермеген. Ал төрт күн өткеннен кейін 21 тамызда жақындары полицейлерге хабарлаған. 

Іздестіру бір ай бойы жалғасқан. Тәртіп сақшылары тіпті жергілікті тұрғынға шыққан. Себебі, ол жоғалып кеткен Смағұловты көрген соңғы адам еді. Куәгер істің мән жайын айтқан кезінде, сасып қалумен күдік тудырды. Нәтижесінде профессорды өлтірген өзі екенін мойындады. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, ер адамдардың арасында ұрыс шығып, араздасып қалған екен. Ашу үстінде күдікті Смағұловты қылқындыра бастаған. Жанжалдың не үшін туындағаны әлі белгісіз. 

2017 жылдың қыркүйек айында Ағыбай Смағұловты бір топ студент ұрып, тонап кеткені анықталды. Түннің ортасында студенттер профессордың үйіне кірген. Ағыбай Смағұловты ұрып өлтіріп, оның 23 миллион теңгесін тонап әкеткен. Кейін зардап шеккеннің тоғыз қабырғасы сынғанын, тағы басқа да жарақат алғаны анықталды. Ал студенттер болса, сотталғандардың қатарына кірді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети