Алматыда ірі есірткі зертханасы анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматы полиция қызметкерлері ірі есірткі зертханасын анықтады. Операция барысында заңсыз кәсіпті ұйымдастырған екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полиция қызметкерлері ірі есірткі зертханасын анықтады. Операция барысында заңсыз кәсіпті ұйымдастырған екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметіне сүйенсек, 1996 және 1997 жылы туған екі ер адам есірткі өндірген. Зертхана Алматы қаласының Медеу ауданындағы бау-бақша қоғамы аумағындағы жеке үйде орналасқан.

"Үйді санкцияланған тінту кезінде "мефедрон" синтетикалық психотроптық затын өндіруге қолданылатын ұнтақ және кесек түріндегі заттар, химиялық заттар салынған пластик ыдыстар, түрлі сұйықтыққа толы зертханалық шыны колбалар, электрон таразы және басқа да заттар табылды. Олар іс жүргізу тәртібімен тәркіленді. Күдіктілер есірткі әзірлеуге арналған компоненттерді Ресей Федерациясынан көлік-логистика компаниясының қызметі арқылы жеткізіп отырғаны анықталды",-деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Полиция қызметкерлері үш келі кептірілген және он келі сатуға дайын есірткі өнімін тәркілеп, сот-химиялық сараптамасын жасауға жіберілді.

"Күдіктілерге қатысты іс ҚР ҚК-нің 297-бабы ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша тіркелді. Олар кінәсін толық мойындап, өндірілген заттардың Медеу, Бостандық және Наурызбай аудандарының аумағында белгілі бір орындарға қойып кету арқылы сатылатындығын айтты. Ұсталған азаматтар ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі",-деп түйіндеді Ерлан  Алмағамбетов.

Бұған дейін арнайы операция кезінде Алматы полицейлері қаладағы түнде жұмыс істейтін мекемелерден есірткі сатушыларды ұстағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro