Өткен жылдың қазанында жол-көлік апатын жасаған трамвай жүргізуші әйелі тоғыз айға жүргізу куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Соттың қаулысы бойынша, Гауһар Тұрсынова ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы") айыпты деп танылды.

"2015 жылдың 13 қазанында шамамен 19.15-те әйел КТ-4D трамвайын Мақатаев көшесімен батысқа қарай жүргізіп келе жатып, Сейфуллин даңғылымен қиылысқан тұсында және Байтұрсынов көшесімен қиылысында 14 көлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан көліктерге механикалық зақым келіп, зардап шеккендерге материалдық шығын келді", - делінген Алматы қалалық сотының баспасөз хабарламасында. Қаулының күшіне әзірше енбегені айтылады. Сонымен қатар, жол апатының салдарында бес адамның денсаулығына зиян келді делінген, алайда бұл сотта расталмады. Ал Гауһар Тұрсынова өз кінәсін толықтай мойындап, өз ісіне өкінді.
Айта кетейік, Алматыда өткен жылдың күзінде екі бірдей ірі жол-көлік оқиғасы болған еді. Олардың біріншісі 2015 жылдың 21 қыркүйегінде болды - сол кезде жүргізушісіз қалған трамвай Шевченко мен Масанчи қиынысында және Байтұрсынов көшесінің бойында жолындағы 17 көлікті жайпап өткен еді.
Осыған ұқсас жол-көлік оқиғасы бірнеше апта өткеннен кейін болды. Қазан айының ортасында Алматыдағы трамвай депосының жұмысы тоқтады. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің айтуынша, депо басшылары апаттар жайлы мәліметті жасыру үшін пара берген.