15 ақпан 2016 18:10

Алматыда ірі жол апатын жасаған трамвай жүргізушісі жүргізу куәлігінен 9 айға айырылды

© Шоқан Алхабаев

Өткен жылдың қазанында жол-көлік апатын жасаған трамвай жүргізуші әйелі тоғыз айға жүргізу куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Соттың қаулысы бойынша, Гауһар Тұрсынова ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы") айыпты деп танылды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram