Алматыда бөлшектенген денесі қоқыс жәшігінен табылған ер адамды өлтіру бойынша іс уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының ауданаралық қылмыстық істер бойынша арнайы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы қаласының ауданаралық қылмыстық істер бойынша арнайы сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 7-тармағының 2-тармақшасы "Адам өлтіру", 188-бабының 2-тармағының 1-тармақшасы "Бір топ адам жасаған ұрлық" және 384-бабының 3-тармағы "Ресми құжаттарды ұрлау" бойынша айыпталған А. мен К-ға қатысты қылмыстық іс, айыпталушылардың заңсыз әрекеттер немесе қаталдық таныту арқылы куәлік алғаны туралы арызына қатысты процессуалдық шешім қабылданғанша тоқтатылады", - делінген сот хабарламасында.