05 наурыз 2016 | 15:30

Алматыда секс-притон ұйымдастырды делінген полиция полковнигі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© in-rating.ru © in-rating.ru

Алматыда секс-притон ұйымдастырды делінген полиция полковнигі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда секс-притон ұйымдастырды делінген полиция полковнигі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 

2016 жылдың 4 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның іздестіру шараларының барысында ҚР ІІМ ҰҚК есірткімен күрес жөніндегі өңірлік басқармасының басшысының бұрынғы орынбасары Бегасыловтың ұсталғаны айтылады. Ол ұзақ уақыт бойы Алматыда қоғамдық дүрлігу туғызған притондар желісін ұйымдастыру ісі бойынша іздестіруде болған. 

"Қылмыстық қуадалау органының қызметтік тұлғасы бола тұра, Бегасылов 2011-2013 жылдар аралығында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен және интим қызметін ұсынған қылмыстық топты ұйымдастырған және басқарған. Айта кету керек, Бегасылов көп жыл бойы құқық қорғау органдарында түрлі басқарушы қызметтерде болды және жедел-іздестіру қызметінің әлістерін жақсы білген", - делінген таралған хабарламада. 

Бегасыловтың бірнеше бап бойынша қылмыстарды жасағаны үшін іздеуде 2013 жылдан бастап болғаны айтылады және Интерпол ҰОБ мәліметінше, Түркияда жасырынып жүрген.

"Оны іздеуден нәтиженің болмағандығы себепті, 2015 жылдың тамызында Бас прокуратура оған қатысты антикоррупциялық қызметке қайта тапсырылды. Қазіргі уақытта Бегасылов Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети