01 тамыз 2015 | 08:58

Алматыда сел жүргеннен кейін тоналған Жапония азаматына құжаттары мен банк картасы қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санжар Боқаев пен Йошихиро Сузуки Санжар Боқаев пен Йошихиро Сузуки

Алматыда сел жүргеннен кейін тоналған Жапонияның азаматының құжаттары мен банк картасы қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда сел жүргеннен кейін тоналған Жапонияның азаматының құжаттары мен банк картасы қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі саясат басқармасының басшысы Санжар Боқаев қылмыскерлерді іздеу жалғасып жатқанын айтты. "Ерікті Йошихиро Сузукиге біз мегаполис тұрғындары мен қала әкімінің атынан селдің зардабын жоюға көмектескені үшін алғыс айтамыз. Оған кері қайтатын билетін әперуге дайынбыз. Тергеу амалдары бақылауда болды. Құжаттары мен банк картасы табылды, өзіне тапсырдық. Куәгерлерден жауап алдық, қылмыскерлерді іздестіріп жатырмыз", - деді Боқаев.

Еске сала кетейік, Алматыда сел жүргеннен кейін Жапонияның азаматы тоналғаны хабарланған болатын. Жапония азаматы Yoshihiro Suzuki арызы сотқа дейінгі бірыңғай реестрде 188-бап ("Бөтеннің мүлкін ұрлау") бойынша тіркелді.

Осыған дейін Алматы әкімінің орынбасары Юрий Ильин оқиға орнында тонаушылықтың болғанын растады. "Тұрғындардың, куәгерлердің айтқаны бойынша анықталып, бірнеше адам ұсталды. Оларға қатысты процессуалдық шара қолданылады", - деді Ильин.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети