Алматыда шетелдік студент бірге пәтер жалдап тұрып жатқан жігіттерге пышақ салып, олардың жеке мүлкін иемденіп алған. Нәтижесінде екі адам ауруханаға жеткізілген. Ал 4-курс студенті ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, ІІМ ресми өкілі брифинг кезінде БҚО ІІД қызметкерлерінің кәсіпкердің үйінен 17 миллион теңге тонап кеткен ер адамның ұстағанын және Алматы қалалық ІІД полицейлерінің үйден 700 мың теңге, 3 АҚШ доллар мен алтын бұйымдарды тонап кеткен жергілікті тұрғынды ұстағанын хабарлады.
Мұнымен қоса, Алмас Сәдубаев Астанада 6 маусымда жоғалып кеткен 13 жастағы оқушы қызды іздестіру жұмыстарының жалғасып жатқанын айтып өтті.
"Қазіргі уақытта астаналық полицейлер оқушы қызды іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Қыздың таныстары мен достарынан жауап алынып жатыр", - деді Сәдубаев.