1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматыда шығысқазақстандық пәтер ұрыларының тобы ұсталды 03 желтоқсан 2020, 14:31

Алматыда Шығыс Қазақстаннан келген "пәтер ұрыларының" тобы ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Сурет: polisia.kz Сурет: polisia.kz

Алматыда Шығыс Қазақстаннан келген "пәтер ұрыларының" тобы ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оларды қолға түсіру үшін арнайы іс-шара кеше кешке Алматы қаласының Медеу ауданында жүргізілді. Бес күдіктіні арнайы жасақтың сарбаздары "Горный Гигант" шағын ауданындағы үйлердің бірінде орналасқан пәтерден шығып бара жатқан кезінде ұстады.

"Бұл топқа Шығыс Қазақстан облысының бес тұрғыны кіреді, олардың барлығының соттылығы болған, оның ішінде мүліктік қылмыстары үшін. Олар үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, алматылықтардың пәтерін тонап, сол жерден ақша салынған сейфті, алтын заттар, киюге болатын киімдер мен екі ноутбукты ұрлап кеткен. Олар ұсталды, заттай айғақтар тәркіленді және қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.  

Аталған факт бойынша істі Медеу аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімі аумақтық құрамы бойынша жүргізіп жатыр. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Берік Әбілбековтің айтуынша, тергеудің осы кезеңінде ұсталғандардың Медеу ауданындағы үш бірдей эпизодқа қатысы бар екені анықталған.  "Пәтер ұрыларының" қылмыстық іс-әрекеті шаһардың басқа аудандарын да қамтуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды. Осыған байланысты олардың жеке басы мүлік ұрлығының басқа деректеріне қатыстығы тексеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Jah Khalib үйленді