27 желтоқсан 2021 13:32

Алматыда синтетикалық есірткі өндірушілер сотталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: polisia.kz Сурет: polisia.kz

Алматыда синтетикалық есірткі өндірушілер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда синтетикалық есірткі өндірушілер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыскерлер синтетикалық есірткіні ораған сәтте полиция қызметкерлерінің назарына түспеу үшін пәтерлерді тәуліктеп жалға алған.

"Исламов пен Епифанов есірткі өндіру кезінде ұсталды. Тәркіленген зат салмағы - 4 келі, бұл - өте үлкен көлем", - делінген хабарламада.

Сот кішкентай балалары барын, тергеу жұмыстарына белсенді араласқанын ескеріп, оларды 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Екінші үкім Шевцовқа қатысты мефедрон өндірісін ұйымдастырғаны үшін шығарылды.

"Сот отырыстарында Шевцов жеке тұтыну үшін есірткі шығарғанын айтып, жазаны азайтуға тырысты. Алайда жалға алынған пәтерді тінту барысында бұл қылмысты есірткі өндірісі ретінде тануға мүмкіндік беретін барлық дәлел табылды", - деді құқық қорғау органдары өкілі.

Нәтижесінде, Шевцов кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.68   490.7   4.99 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети