Алматыда студенттерді шетелге жіберемін деп ата-аналарды алдаған әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда студенттерді шетелге жіберемін деп ата-аналарды алдаған әйел ұсталды Сурет: Tengrinews.kz мұрағатынан

Алматыда оқу орталығының басшысы бірқатар алаяқтық жасаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда оқу орталығының басшысы бірқатар алаяқтық жасаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі алаяқтық бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмысты жеке оқу орталықтарының бірінің басшысы жасаған.

"1980 жылы туған күдіктінің алаяқтықпен айналысқанына бір жылдан асқаны анықталды. Студенттерді шетелге жіберу үшін оқу орталығын ашып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ол шетелде оқығысы келетін талапкерлердің ата-аналарының қаражатын иемденді. Әйел ғаламторға шетелдік білім беру мекемелерінде оқытуды ұйымдастырудағы қызметтер туралы жарнамалар орналастырған. Алаяқтық тізбегі келесідей болып шықты: жаңа қатысушылардың ата-аналарына шетелдік жоғары оқу орындарына түскені туралы мүлдем жоқ құжаттар берілді. Кейіннен клиенттер сертификаттың шын екендігіне күмәнданбай, күдіктінің есепшотына шұғыл түрде көп ақша аударады (оқу ақысы). Әрбір қылмыстық әрекеттен келтірілген материалдық шығын екі миллион теңге және одан жоғары. Қазіргі уақытта біздің бөлімге жеті адам жүгінді", - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Қазіргі уақытта әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сот тергеуі жүргізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети