Алматыда студенттердің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда студенттер жатақханасының жанында жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда студенттер жатақханасының жанында жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды. Кадрлардан жаппай төбелеске шамамен 25-30 адам қатысты. Төбелестің себебі әлі белгісіз. Видео сипаттамасында бұл университет жатақханасының бірінде болғаны жазылған.

"Жаппай төбелестің видеосын түнде жіберді. Видео авторының айтуынша жаппай төбелес Алматыдағы Сатбаев университетінің жанында болған", - делінген хабарламада.

ІІМ-нің мәліметінше, 23 ақпанда 23: 00-де Алматы қаласының Бостандық ауданында жастар арасында жаппай төбелес болған.

"Патрульдік полицияның бірнеше экипажы төбелес орнына барды. Нәтижесінде 11 қатысушы ұсталды. Бұзақылық дерегі бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Жанжалдың басқа жағдайлары анықталып жатыр", - деді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети