Алматыда тағы бір қару-жарақ қоймасы табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тағы бір қару-жарақ қоймасы табылды Фото: polisia.kz

Алматыда тағы бір қару жасырылған орын табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тағы бір қару жасырылған орын табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жолы ол Медеу ауданындағы саяжай алқабынан табылған. Криминалдық полиция қызметкерлері Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, бетон қоршаудың жанынан 70 метр радиуста қару-жарақ қоймасын тапқан. ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша тергелетін қылмыстық іс материалдарына іс жүргізу тәртібімен 2 Макаров жүйесінің тапаншасы, тегіс ұңғылы мылтық, 512 дана әртүрлі калибрлі патрондар, оның ішінде Калашников автоматына арналған патрондар, 22 дана граната, соның ішінде әскери, сондай-ақ радиостанция тіркелген.

Сонымен қатар, жасырылған орыннан өсімдік тектес және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылды. Қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық және сот-химиялық сараптамалар тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети