Алматыда такси жүргізушісін жаралап, Toyota Camry көлігін алып кеткен күдіктілер ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда такси жүргізушісін жаралап, Toyota Camry көлігін алып кеткен күдіктілер ұсталды Фото:polisia.kz

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Түрксіб ауданында болған. Үш ер адам бизнес-кластағы таксиге тапсырыс беріп, жүргізушіден әуежайға жеткізіп тастауын сұраған.

"Алайда жолда жолаушылар такси жүргізушісіне шабуыл жасап, оған көптеген пышақ жарақатын салған. Қаскөйлер Toyota Camry көлігін иемденген. Қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылып, оның құрамына криминалдық полиция және Түрксіб аудандық ПБ-ның қызметкерлері кірді. Күдіктілер дереу анықталды. Олар жасырынуға тырысқан. Қазір күдіктілер ұсталды және қамауға алынды. Шетелдік көлік иесіне қайтарылды", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Қазір ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Олар - 1993, 1998 және 2000 жылы туған Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары.

"Маған шабуыл жасаған адамдардың ұсталғаны туралы хабарлағанда, шынымды айтсам, қатты қуандым. Полиция қызметкерлеріне кәсіби қызметі үшін алғыс айтамын", - деді қарақшылар қолынан жапа шеккен алматылық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети