Алматыда таксист әйел жолаушыларына қарақшылық шабуыл жасаумен айналысқан. Бұл туралы қалалық соттың сайтында хабарланды, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда таксист әйел жолаушыларына қарақшылық шабуыл жасаумен айналысқан. Бұл туралы қалалық соттың сайтында хабарланды, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.
2017 жылдың қазанында сотталушы Г. белгісіз біреумен алдын ала келісім бойынша жеке тасымалдаумен айналысып, А. және Н. деген жолаушыларға шабуыл жасаған, олар жіппен қылғындырып, дене жарақатын салып, олардың мүлкін тартып алған. Салдарынан А. және Н. денсаулығына орта деңгейде зар келген және 235 мың теңгеге материалдық шығын келген", - делінген Алматыдағы Жетісу аудандық №2 сотының хабарламасында.
Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігінің 1, 2-пункттері бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бiрнеше рет қарақшылық жасау) айыпты деп танылып, 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.