Алматыда танысу сайттары арқылы адамдарды алдап, тонаған күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда танысу сайттары арқылы адамдарды алдап, тонаған күдіктілер ұсталды Фото: polisia.kz

Алматыда танысу сайттары арқылы ер адамдарды алдап, тонап келген күдіктілер тобы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда танысу сайттары арқылы ер адамдарды алдап, тонап келген күдіктілер тобы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаскөйлердің әрекет ету схемасы қарапайым, бірақ олар үшін өте тиімді болған: қыздар танысу сайттарында ер адамдардың назарын аударып, оларды жеке кездесуге шақырған. Кездесу барысында сыбайластары кенеттен шабуыл жасап, жәбірленушілердің ақшасы мен бағалы заттарын тартып алған.

Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында осындай алты қылмыс жасағанын мойындаған 26 күдікті ұсталды.

"Күдіктілердің барлығы қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Мұндай әрекеттер тек құрбандарға ғана емес, жалпы қоғамға үлкен қауіп төндіреді", – деді Исаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети