07 қыркүйек 2021 08:24

Алматыда тапанша ұстап төбелескендерге қатысты полиция түсінік берді

Алматы полициясы ер адамдардың тапанша ұстап төбелескен видеосына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы ер адамдардың тапанша ұстап төбелескен видеосына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерде пайда болған. Қатысушылардың бірі тапаншаға ұқсас зат ұстаған.

Ескерту, видеода былапыт сөз айтылады!

Реклама
Реклама

Полиция өкілдерінің сөзінше, Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

"Таныс адамдар арасында қақтығыс болғаны анықталды. Олардың бірі газ тапаншасын қолданған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Күдікті - 1989 жылы туған ер адам ұсталды. Сотталушының айтуынша, ол қылмыс құралын лақтырып жіберген, бұл факт тексеріледі. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram