Алматыда телефон ұрлаған күдікті мен сатып алушы ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда телефон ұрлаған күдікті мен сатып алушы ұсталды Фото:polisia.kz

Алматыда екі телефон ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі телефон ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясы екі ұрлық жасаған күдікті мен ұрланған тауарды сатып алған адамды ұстады.

"24 жастағы Г. есімді ер адам екі телефон ұрлағаннан кейін ұсталды. Қаскөй Apple iPhone 14 телефонын хостелдегі шетелдік азаматтан ұрлап алған. Ал дәл осылай Төлебаев көшесіндегі үйден бөтеннің Samsung телефонын ұрлап кеткен. Бірнеше сағаттан кейін "іскер" адам екі гаджетті де сатып жіберген. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицияның арнайы жасақтарының көмегімен ұрланған телефондарды сатып алған азамат ұсталды. Ол – 33 жастағы Н. есімді тұрғын. Телефондар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді", – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Айтпақшы, күдікті бұрын да осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети