Алматыда ер адамның тергеу изоляторынан қашып кеткеніне үш күн болды, оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда ер адамның тергеу изоляторынан қашып кеткеніне үш күн болды, оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті іздестіру шарасы жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, сотталған ер адам 15 ақпанда Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен. Ол 33 жастағы Дамир Давутов. Ер адам бұрын бірнеше рет сотталған. Қазіргі ісі бойынша ол ұрлық пен алаяқтық әрекеті үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған.
Diapazon.kz мәліметіне сүйенсек, 2010 жылы 30 мамырда да Дамир Давутовтың тергеу изоляторынан қашып кету дерегі тіркелген. Ол кезде оның үш рет сотталғаны белгілі болған.
Басылымның мәліметінше, басшылық тергеу изоляторы аумағын тұтқындар көмегімен абаттандыруды ұйғарған. Осы жағдайды пайдаланып қылмыскер қашып шыққан. Полиция дереу іздеуге кірісіп, оны келесі күні үйлердің бірінің ауласынан ұстаған. Үй иесі Ерболат Кенжеғалиев осы уақытта досымен бірге гүл көшеттерін отырғызып жатқан.
"Сағат шамамен 11 болатын. Аулаға бір жігіт жүгіріп кірді. Бізді көріп, әрі қарай қоршаудан секіріп қашып кетті. Біз такси жүргізушісінен қашқан жолаушы деп ойлап қалдық. Мұндай жағдайлар жиі болып тұрады. Алтынбек екеуміз - ол да мұғалім, бірге көшет отырғызып жатқанбыз. Таксиге жігіттің қашып кеткенін айтайық деп көшеге шықтық. Онда ешқандай көлік болмады, тек екі формадағы қызметкер тұрғанын көрдік. Бізге сурет көрсетіп қашып кеткен ер адамды көрген-көрмегенімізді сұрады. Біз оны танып, қайда қашқанын көрсеттік. Олар ер адамның қауіпті қылмыскер екенін ескертіп, қолында пышақ барын айтты.
Мұнда аула көп. Қашып жүріп қайта оралуы мүмкін еді. Қолымызға күрегімізді ұстап алдық. Көп ұзамай полиция келді. Мен олардан үйге кіріп, шатырды тексерулерін өтіндім. Біз аулаға шыққан кезде, сол жерге жасырынып қалуы мүмкін. Бірақ үйде және шатырда ешкім болған жоқ. Екі қабатты ғимаратты тексеруді ұсындық. Онда макарон цехы бар, шатырдан бәрі көрінеді. Сол жаққа бет алғанда, кенеттен әлгі адам тағы да біздің аулаға жүгіріп кірді, кейін оны ұстады. Қолында үлкен пышақ болды", - деді Кенжеғалиев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!