Алматыда ТҚКС жұмысшыларын ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы ТҚКС қызметкерлеріне жасалған топтық шабуылды тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы ТҚКС қызметкерлеріне жасалған топтық шабуылды тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде қаладағы техникалық қызмет көрсету станцияларының біріндегі топтық төбелестің видеосы пайда болды. Басылым авторы тұтынушы мен техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері арасындағы жанжалдан кейін клиент өзімен бірге 10-ға жуық адамды алып келгенін және олар жұмысшы мен оның серіктесін топ болып соққыға жыққанын айтады. Қабырғалары мен басынан жарақат алған техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері ауруханаға жеткізілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris.p.original

Полицейлер бұл оқиғаның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, Жетісу ауданының полиция департаментінде тексеріліп жатқанын хабарлады.

Полиция күдіктілерді анықтап, іздестіріп жатыр.

"Кінәлілерді ұстап, жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел-арнайы іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - деп қорытындылады Жетісу аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Дархан Мұсанов.

Тергеу барысы аудандық прокуратураның бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети