Алматыда төбелескен кондуктор жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қаскелең автобус паркі" ЖШС бас директоры Есбай Әшімбаев хабарлады.
Алматыда төбелескен кондуктор жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қаскелең автобус паркі" ЖШС бас директоры Есбай Әшімбаев хабарлады.
"Мәселені шешіп қойдық. Мұндай кондукторлармен әрдайым жұмыс істейміз, оларды үйреткіміз келеді, олар болса үйренгісі келмейді. Біз аяусыз жұмыс істейміз. Енді біз жүргізушілердің өз әйелдері мен туыстарын жұмысқа ала алатындай жағдай жасағымыз келеді, олар жақындары, бүлдірмейді", - деді Әшімбаев.
Еске салайық, Алматыда автобус кондукторы жүк көлігінің жүргізушісімен төбелескен болатын. Видеоны YouTube ресурсына Roman Samarskiy деген қолданушы жүктеді. Видеожазбаның сипаттамасында ол оқиғаның 2 тамызда шамамен 16.00-де Рысқұлов даңғылының Петров көшесімен қиылысында болғанын жазды. Видеодан 303 бағытындағы автобустың ашулы кондкуторының жүк көлігіне барып, жүргізушісін ұрғысы келгенін көруге болады. Бұдан кейін ол аяғымен жүк көлігінің айнасын сындырып, автобусқа оралады. Ролик авторының айтуынша, бұл дау жүк көлігінің жүргізушісінің қоғамдық көліктің алдын кесіп өткендіктен шыққан. Бұдан кейін автобус жүк көлігінің алдын кескен.