20 ақпан 2017 | 18:43

Алматыда төрт адамды өлтіріп, үйлерін тартып алған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © Московский комсомолец Көрнекі сурет. © Московский комсомолец

Жалғыз бастытұлғалардың пәтерлерін алып алуды ойластырған қылмыстық топтың қатысушыларына алқабилер айыптау кесімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жалғыз бастытұлғалардың пәтерлерін алып алуды ойластырған қылмыстық топтың қатысушыларына алқабилер айыптау кесімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық істі алқабилер қарады.

Іс материалдарына қарағанда, сотталушылар 2016 жылдың ақпан мен наурыз айларының аралығында құрамында 7 адамы бар қылмыстық топ спиртті ішімдіктерге салынған, жеке меншігінде пәтері бар жалғызбасты тұлғаларды іздестіріп, өлтірген. 

Кейін олар өлтірген адамдарға бет-келбеті ұқсайтындарды таңдап, сатып алу-сату шарттарын жасасып, пәтерлерді нотариустар арқылы өзгелерге сатқан. 

Сондай-ақ, құқыққорғау органдарында жұмыс істемеген қылмыстық топтың ұйымдастырушысы Алматы қаласы прокуратурасының кадр Басқармасының және Алматы қаласы ІІД-нің жалған куәлігін көрсетіп, прокуратура қызметкері ретінде нотариуспен, риелтормен танысып, лауазымды адамның атағын өз бетiмен иемденіп алған.

Ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдерінің қолынан Алматы қаласының төрт тұрғыны құрбан болған, оның бірі тірі қалыпты.

"Алқабилер шығарған айыптау кесіміне сәйкес ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 қатысушысына 6-дан 20 жылға дейінгі әртүрлі жазаларға кесілді, қайтыс болуына орай бір қатысушысына қатысты қылмыстық өндіріс тоқтатылды, бірлескен тәртіпте сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына 2 000 000 теңге сомасында моральдық өтемақыны, сонымен қатар жерлеу салт-жоралар қызметіне кеткен шығындарды өндіруге жатады", - делінген соттың хабарламасында.

Сондай-ақ, сот ІІБ ТБ ЖАҚҚТБ ІІО-ның аға тергеушісі, Алматы қаласы прокуратура Басқармасының прокуроры жіберген қателіктер мен пәтерлердің бірін рәсімдеумен байланысты эпизод бойынша риелторлардың әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылықтың белгілері бар болу оқиғасы бойынша тексеруді жүргізу қажеттілік жөнінде екі жеке қаулы шығарды - прокурорға, Алматы қаласы ІІБ басшысына қатысты.

Баспасөз қызметінің өкілдері үкімнің әзірше заңды күшіне енбегенін айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети