Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының өкілдері Алматыда мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерінің ұсталғаны туралы мән-жайды мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының өкілдері Алматыда мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерінің ұсталғаны туралы мән-жайды мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таяуда төрт полицейдің пара алу дерегі бойынша ұсталғаны хабарланды.
"Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментінің қызметкерлері Алматыдағы ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Олар өз қарамағындағылардан 24 900 доллар пара алды деген күдікке ілінген", - деді Арман Бердалин.
Оның айтуынша, сот үкімімен басқарма басшысы, батальон командирі және оның орынбасарлары қамауға алынған. Қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр.
Ұсталғандар Алматы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері болып шықты - Дзигалюк И.И., Нысанбаев Б.Р., Орынбаев А.Д. және Арашев А.В.
29 желтоқсанда Алматы қалалық мамандандырылған тергеу соты оларды екі айға қамауға алу туралы үкім шығарды. Қамауға алу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы арыз берген.
Полицейлер ҚР қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі, 1-4 тармағы ("Пара алу, қорқытып алу жолымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, iрi мөлшерде, бірнеше рет жасалса"). бойынша айып тағылды. Осы қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның алпыс еселенгеннен жетпіс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.