Алматыда туған қызына азғындық жасаған ер адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда туған қызына азғындық жасаған ер адам сотталды Фото: elements.envato.com

Төрт жасар қызына азғындық әрекеттер жасаған әкеге қатысты сот процесі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі НеМолчи қорына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төрт жасар қызына азғындық әрекеттер жасаған әкеге қатысты сот процесі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі НеМолчи қорына сілтеме жасап. 

Ақпарат бойынша, жеті баланың анасы, сотталушының әйелі төрт жасар қызына күйеуі азғындық әрекет жасағанын көріп, бірден полиция шақырған.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруға және бес миллион теңге моральдық зиян өтеуге үкім шығарды.

"Бұл ана үшін қиын кезең болды, "Ол ақталып шықса ше?" деген үнемі қорқынышта жүрді. Сотталушының адвокаты қандай әдістер қолданғанын естіген де ұят, әкесі жаман ештеңе жасамағанын, бұл жай ғана халықтықта бар дәстүр, қазақтың "Әшу бершісі" дейді. Бірақ бұл тек ұлдарға қатысты екенін бұрмалап отыр. Осылайша біздің ұлттық дәстүрлеріміз педофилдердің іс-әрекетін ақтауға айналды", - деп жазды Дина Тансари Facebook- парақшасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети