Алматыда төтенше жағдай және карантин кезінде заңсыз жұмыс істеген казиноға қатысы бар 18 адам 5 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда төтенше жағдай және карантин кезінде заңсыз жұмыс істеген казиноға қатысы бар 18 адам 5 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жемқорлыққа қарсы агенттіктің бірінші департаменті басшысының орынбасары Данияр Ақуанның айтуынша, казиноға арнайы өткізу жүйесі арқылы кірген және ол жаққа тек тұрақты клиенттер кіре алған.
"Тінту шаралары барысында аумағы 1 000 шаршы метрден асатын казинодан қомақты сомадағы ақша тәркіленді, алты ойын үстелі, америкалық рулетка, ойын карталары мен фишка тәркіленді", - деді Ақуан.
ҰҚК Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген казиноны анықтады
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
"Астыртын казиноға қатысты бар адамдардың барлығына төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жазаланды. Соттың үкімімен 18 адам 5 тәулікке қамауға алынды. Алты адамға 166 680 теңге мөлшерінде айыыпұл салынды, яғни әрқайсына 27 780 теңге айыппұл салынды", - деді Ақуан.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!