14 желтоқсан 2022 | 17:15

Алматыда ҰҚТ кәсіпкерлерді үрейде ұстаған: Қоспаев ісіне қатысты мәлімет жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ кәсіпкерлерді қорқытып келген. Қаржы мониторингі агенттігі өкілі Қоспаевтың ісі бойынша мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ кәсіпкерлерді қорқытып келген. Қаржы мониторингі агенттігі өкілі Қоспаевтың ісі бойынша мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігі Қоспаев пен оның сенімді тұлғаларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді тіркеді.

"ҰҚТ-ның 11 қатысушысы болды. Оның бесеуі қамауға алынды, ал алтауы, оның ішінде ұйымдастырушы Елдос Қоспаев іздестіріліп жатыр. Еске салайық, қылмыстық топ Алматы қаласының кәсіпкерлерін ұзақ уақыт қорқытып келген. Зорлық-зомбылық көрсету мен қауіп төндіру арқылы ҰҚТ кәсіпкерлердің мүлкін тартып алып, олардың компаниялардағы үлестерін алып отырған, осылайша, көлеңкелі бизнеспен айналысқан", - делінген қаржы мониторингі агенттігі хабарламасында.

2019 жылғы 4 наурызда Алматыда Қоспаев сыбайластарымен бірге бизнесті дамытуға 160 миллион теңге салған Profit Trade Ltd ЖШС иелерін үлестің 40 пайызын Имашевқа, яғни қылмыстық топтың белсенді мүшесіне беруге мәжбүр еткен.

"Бұрынғы басшыларды басқармадан шеттетіп, ҰҚТ мүшелері құжаттарды қолдан жасау арқылы үлестің қалған 35 пайызын иеленді. Компания ішімдік өнімдерін көтерме сатумен айналысты және тұрақты табыс тапты. 2020 жылғы 30 шілдеде Қоспаевтың қылмыстық тобы бизнесіне 400 миллион теңгеден аса инвестиция салған Azovita Aktay ЖШС және Azovita Atyray ЖШС меншік иесін кәсіпорындардың жарғылық капиталының 100 пайыз үлесін өтеусіз беруге мәжбүр етті", - делінген ведомство хабарламасында.

Айтылған компанияларды бақылауға алғаннан кейін Қоспаев бастаған ҰҚТ оларды Алматы, Атырау, Қостанай, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ, Алматыда ішімдік өнімдерін заңсыз сату бойынша қылмыстық істе қолдана бастаған.

"Қоспаев пен ол құрған ҰҚТ мүшелері табысты кәсіпорындарды тартып алуды жалғастырған. 2021 жылғы шілдеде ҰҚТ Қапшағай су қоймасындағы Kapchagai Marina Slub ЖШС-не тиесілі екі миллион долларлық демалыс аймағын күшпен иемденді.

Сонымен қатар, Қоспаев өзінің сенімді мүшелері, ҰҚТ арқылы Алматының ең беделді аудандарының бірінде "Есентай Сити" тұрғын үй кешенінің құрылысын салатын AV-Construction ЖШС үлесінің 75 пайызын иеленген. Қалған 25 пайызы белгілі кәсіпкер Әбдіғаппаровқа тиесілі болды. Ол 2016 жылы ЖШС атынан тұрғын үй құрылысына 31 гектар жер учаскесін сатып алды", - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Қоспаев пен оның сыбайластары жеке баю мақсатында өздерінің туыстарына пәтерлер мен коммерциялық үй-жайларды рәсімдеу арқылы ЖШС мүлкін ұрлаған. 2018 жылғы қазаннан бастап Қоспаев пен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Бабаев, Әбіжанов, Танашев, Кудряшова және т.б. үш жер учаскесін, 20 қызметтік үй-жайды және 113 пәтерді иемденіп алған", - делінген хабарламада.

Ресми мәлімет бойынша, 4,6 миллиард теңге көлемінде шығын келтірілген.

"Қоспаев серіктестік мүлкін ұрлауға қатысты ортақ меншік иесі Әбдіғаппаровтың тарапынан қандай да бір талаптарды болдырмау үшін оның анасы С.Жүнісбекованың атына рәсімделген 25 пайыз үлесін иеленуді ұйғарған.

Әбдіғаппаровты ұстап, қамауға алу арқылы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері оның қарт анасы Жүнісбековаға қысым көрсеткен. Осылайша, олар AV-Construction ЖШС-дегі үлесін берсе, оның ұлына көмектесуге уәде берген. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің шабуылына төтеп бере алмай, ұлы үшін қорыққан Жүнісбекова компаниядағы өз үлесін берген", - делінген хабарламада.

Ресми деректерге сәйкес, тергеу аясында ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленген. Оның ішінде 133 жылжымайтын мүлік нысаны, 11 жер учаскесі, 35 премиум кластағы көлік және 9 миллион доллар қолма-қол ақша болған.

"Сонымен қатар, Алматы облысында Қоспаев еш құжатсыз бассейн, жаттығу залы бар сәнді саяжай тұрғызған. Сондай-ақ, ол жерде асылтұқымды жылқылар өсірген, жабайы жануарлар, яғни арыстандар, аюлар бар хайуанаттар бағын ұстаған.

Сонымен қатар, осы үй қызметкерін ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 2018-2021 жылдар аралығында бірнеше рет зорлау дерегі бойынша материал ішкі істер органдарына өткізілді", - деді Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері.

Рейдерлік шабуылдар бойынша соталды тергеу және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар адамдарды анықтау жұмысы жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети