13 қараша 2018 | 09:39

Алматыда үндістандық студентті өлтіріп кеткен: 31 жастағы әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің студенті Кумар Хемант Алматыда Мақатаев көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерден өлі табылды. Студентті өлтірді деген күдікпен 31 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің студенті Кумар Хемант Алматыда Мақатаев көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерден өлі табылды. Студентті өлтірді деген күдікпен 31 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дереккөзге сүйенсек, Үндістаннан келген студент пәтер жалдап тұрған. Видеокамераға түнгі сағат 12-ге қарай пәтерге студент пен әйел адамның кірген сәті түсіп қалған. Ал таңғы сағат 4-те пәтерге, алдын ала болжам бойынша, әйелдің күйеуі немесе онымен бірге тұратын ер адам кірген. Сағат 8-де студент ес-түссіз жатқан. Дереккөздің айтуынша, пәтер иесі полиция мен жедел жәрдем шақырған. Бірақ студент ауруханада қайтыс болған.

Алматы қалалық Полиция департаментіндегілер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Студентті өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Ал құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйел адам алкоголь ішкен. Күдікті қамауға алынды.

Университеттегілер Кумар Хеманттың медицина факультетінде оқығанын растады. Сондай-ақ, олар жатақханамен тек бірінші курс студенттерінің қамтамасыз етілетінін хабарлады.

Қазіргі уақытта университет өкілдері Үндістан консулымен студенттің денесін отанына жеткізу мәселесімен айналысып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети