Алматыда университет жерін жымқырды деген күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда университет жерін жымқырды деген күдіктілер ұсталды

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 9 гектар жерін жымқыру ісі бойынша бірнеше шенеунік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 9 гектар жерін жымқыру ісі бойынша бірнеше шенеунік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы қызметкерін, Қарасай аудандық "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының жер және жер кадастры бөлімі мен Қарасай аудандық әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшыларын университеттің Кемертоған аулында орналасқан 9 гектар жер учаскесі түріндегі меншігін жымқырды деген күдікпен ұстады", - деді ведомство өкілдері. 

Университеттің жер телімі заңсыз түрде бірнеше учаскеге бөлініп, ұсталғандар арасында жалған құжатпен үлестірілген, кейін оны біреу заң жолымен сатып алған.

"Осы тұлғалар 2021 жылдың қаңтарында қылмыс іздерін жасыру және жер учаскесін университет балансына жалған жолмен қайтару мақсатында мемлекеттің жер қорынан құқық белгілейтін құжаттарсыз Көлді аулында, санитарлық аймақта орналасқан және жекеменшікке беруге жатпайтын жер учаскесін заңсыз бөлген", - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда барлық күдіктіге сот санкциясымен бұлтартпау шарасы таңдалғаны хабарланды.

Тергеу жалғасып жатыр, жасалған қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау мақсатында қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети