Алматыда вайнерлер жарнамалаған пирамида ұйымдастырушысы ұсталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда вайнерлер жарнамалаған пирамида ұйымдастырушысы ұсталды Mudarabah Capital компаниясының жарнамасы

26 қазанда Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп айыпталған Mudarabah Capital компаниясының басшысы ұсталды. 1981 жылы туған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы қалалық полиция бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

26 қазанда Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп айыпталған Mudarabah Capital компаниясының басшысы ұсталды. 1981 жылы туған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы қалалық полиция бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылы 27 сәуірде полицияға бір топ азамат ASTEX.KZ, ACD technology ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша арыз берді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 2019 жылғы ақпан-2021 жылғы қаңтар аралығында ЖШС лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажет деп табылған қаржыны тарту үшін бірлескен қызмет туралы шарттар жасалғаны анықталды. Екі жақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әр салымшыға салым сомасының 20 пайызын төлеуі керек еді.

Бұл қылмысқа дейін төрт күдікті әшкереленді, олардың үшеуі сот санкциясымен қамауға алынды.

Сонымен қатар, ASTEX.KZ ЖШС-да 160 салымшыдан басқа компания - MUDARABAH Capital ЖШС арқылы түскен екі миллиард теңгеден астам ақша бар екені анықталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Бұған дейін Алматы тұрғындары танымал қазақстандық вайнерлер - Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзім Саидбаев түскен Mudarabah Capital жарнамасына шағымданған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети