Алматыда із-түссіз жоғалған 24 жастағы қыздың өлі денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда із-түссіз жоғалған 24 жастағы қыздың өлі денесі табылды Саида Ибраимова. Фото әлеуметтік желіден алынды.

2014 жылдың 4-наурызында із-түссіз жоғалған Саида Ибрагимова тонаушылық мақсатымен өлтірілген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның жақындарының полицияға хабарлауынша, 24 жастағы қыз 18:30-да үйден шығып, қайта оралмаған. Құқық қорғау органының қызметкерлері із-түссіз жоғалған қызды оның 24 жастағы танысы өзінің досымен келісу арқылы өлтіргенін анықтады. "Жедел іс-шара өткізу барысында тап осы жігіт ұсталып, азаматша Ибрагимованы әдейі қастықпен өлтіргені туралы түсінік берген", - деп хабарлады полиция. Күдіктілер оны тонау үшін өлтірген. Осы ретте олар қаза болған қыздың банктік карточкасындағы сақталған ақшаны иемденген. Қос күдікті де Алматының жұмыссыз тұрғындары екені хабарланды. Адам өлімі дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қамауға алынды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматыда жаңа жыл мерекесі кезінде із-түссіз жоғалған 16 жасар қызды таксист өлтіріп кеткен. Онда да күдікті пайдакүнемдік сарында адам өлтіргенін айтқан. Аталмыш оқиғаға "Адам өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұдан бұрын ол жігіттің Қылмыстық Кодекстің үш бабы бойынша сотталғаны анықталған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети