Алматыда ұшты-күйлі жоғалып кеткен 28 жастағы Нұршат Розиевтің денесі табылды. Денесінде түрлі пышақ жарақаты бар. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Орталық сот медицина қызметкері хабарлады.
Алматыда ұшты-күйлі жоғалып кеткен 28 жастағы Нұршат Розиевтің денесі табылды. Денесінде түрлі пышақ жарақаты бар. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Орталық сот медицина қызметкері хабарлады.
Оның айтуынша, Нұршат Розиевтің денесі мәйітханаға 9 қыркүйекте жеткізілді. "Сараптамалар жүргізілді. Денесінде пышақ жарақаттары көп", - деді ол. Ал қайтыс болған Нұршаттың туыстарының айтуынша, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Полициядағылардың айтуынша, Нұршат Розиевтің денесі табылғанда оның үстінде үйде киетін шолақ шалбар ғана болған.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда банк қызметкерінің жоғалып кеткені хабарланған болатын. Қазақстандық банктердің бірінде бөлімше басшысы болып қызмет ететін оны соңғы рет 3 қыркүйекте кешкі 18.00 шамасында көргендер бар. Ол жаттығудан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Келесі күні таңғы уақытта көршілері Розиев тұратын үйден өрт шыққанын байқаған. Өрт сөндіріліпті, бірақ үй иесі мен оның көлігі болмаған.