Алматыда заңсыз нысанды сүру кезінде сот орындаушысы соққы көрген

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда заңсыз нысанды сүру кезінде сот орындаушысы соққы көрген Видеодан кадрлар

Алматыда сот орындаушысы ғимаратты бұзу кезінде соққыға жығылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда сот орындаушысы ғимаратты бұзу кезінде соққыға жығылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап кетті. Кадрдан аулада тұрған ересек ер адам мен екі полиция қызметкерін және бірнеше тұрғынды көруге болады. Бір мезетте оған ер адамдардың бірі келіп, бүйрек тұсынан соққы берді.

Алматы қаласы жеке сот орындаушылар палатасынының хабарына қарағанда, оқиға 4 қазанда болған. Зардап шеккен қызметкер нысанды бұзу кезінде соққы көрген.

"Полиция қызметкерлерінің жанында белгісіз біреулер сот орындаушысына қысым жасай бастады. Олар сот орындаушысына өз міндетін орындауға тыйым салып, қорқытуға тырысқан. Сот орындаушысы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғау туралы тиісті арыз жазды", - деді Алматы қаласы жеке сот орындаушылар палатасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети