Алматыда зейнеткерлерді өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

viewings icon 427 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматыда екі зейнеткерді өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда екі зейнеткерді өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы сотында екі зейнеткерді пайда табу ниетімен өлтіру және оларға қарақшылық шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қаралғаны хабарланды.

"Сот 2020 жылы шілдеде О. есімді сотталушы көлік сатып алу мақсатында ерлі-зайыпты зейнеткердің пәтеріне заңсыз кіріп, оларға шабуыл жасап, пышақпен қорқытып, ақша талап еткенін анықтады. Егде жастағы қариялар қарсылық көрсеткенде сотталушы оларды пышақтаған. Олар оқиға болған жерде қайтыс болды. Кейіннен сотталушы О. 500 доллар, 360 мың теңге ақшаны және ұялы телефонды ұрлап кеткен", - деді қалалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Сотта прокурор айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, ал жәбірленушілер өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы ұстанымдарын айтты. Сотталушы кінәсін ішінара мойындады, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

"Сот үкімімен О. екі адамды өлтіргені және қарақшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі ең қатаң жаза кесілді.

​Қатаң жаза сотталушының бұрын да қарақшылық үшін сотталғаны және ол әрекетінен сабақ алмағаны үшін тағайындалды. Зейнеткерлер 81 және 89 жаста", - деп толықтырды департамент өкілдері.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
11°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю