Әуезов ауданының полицейлері егде жастағы адамдардан сырғалар мен алқаларын жұлып алып жүрген ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әуезов ауданының полицейлері егде жастағы адамдардан сырғалар мен алқаларын жұлып алып жүрген ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ішкі істер басқармасына белгісіз біреудің әшекей заттарды жұлып әкетіп жүргені жайлы шағымдар келіп түскен. Оңтүстік Қазақстан облысының 1984 жылғы тұрғыны бірнеше рет осындай қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып отыр. Ер адамның айтуынша, ол қаржы жағынан қысылғандықтан, осындай әрекеттерше баруға мәжбүр болған.
"Ол видеобақылау камерасы орнатылмаған жерлерді таңдап жүрген. Егде жастағы адамдарды көргенде соңынан еріп, сырғалары мен алқаларын жұлып, қашып кетіп жүрген. Әрине, егде жастағы адамдар оның соңынан қуып жете алмайды. Қуып жете алса да, оны ұстай алмайды. Бірде бір зейнеткер әйел үйіне кіреберіс жерде сөмкесін қойып қойған. Сол сәтте ер адам видеобақылау камерасына түсіп қалды. Сондай-ақ, ер адамның осыған дейін сотты болғаны анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында оны ұстадық. Күдікті бірнеше қылмысын мойындап отыр", - деді Әуезов аудандық ІІБ басшысының орынбасары, полиция полковнигі Құмарбек Кеншінбаев.
Қазіргі уақытта күдікті ІІД уақытша ұстау изоляторында. Сонымен қатар, оның басқа да қылмыстарға қатысы және сыбайластарының бар-жоғы анықталып жатыр.
"Бүгінде 16 қарақшылық дерегі жайлы айтылып отыр. Қарақшылық шабуыл егде жастағы адамдарға жасалған. Бұл тек Әуезов ауданы бойынша. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіден зардап шеккен адамдардан мына нөмірлер бойынша хабарласуларын сұраймыз: 298-53-01; 298-53-02 және 298-53-03", - деді полковник Кеншінбаев.