29 қараша 2022 | 15:51

Алматыдағы ақылы автотұрақтар ісі: қылмысты ұйымдастырушы аталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: qamqor.gov.kz Фото: qamqor.gov.kz

Қаржы мониторингі агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті 436 миллион теңге қаражатты ұрлау дерегі бойынша AlanParking ЖШС директоры Мұхтар Базарбаевқа және Алматы спецтехпаркинг сервис ЖШС директоры Марат Принбековке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Соталды тергеп-тексеру барысында келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

"Қылмыстың негізгі сотталушы және ұйымдастырушысы Мұрат Боранбаев халықаралық іздеуге жарияланды", - делінген хабарламада.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп, Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне "Алматы Спецтехпаркинг Сервис" ЖШС 70 пайыз үлесін және AlanParking ЖШС 100 пайыз үлесін қайтару бойынша шараларын қабылдады.

Еске салайық, Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Былтыр желтоқсанда Қайрат Боранбаев иелік ететін RR2 компаниясы Alan Parking фирмасынан 30 пайыз үлес сатып алған. Бұған дейін ақылы автотұрақтардың операторы мемлекетке тиесілі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети