Алматыдағы "Альфа банк" бөлімшесінен 65 миллион 610 мың теңге тоналған. Бұл туралы қылмыстық іске қатысты өткен басты сот отырысы барысында бөлімшенің кассирі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыдағы "Альфа банк" бөлімшесінен 65 миллион 610 мың теңге тоналған. Бұл туралы қылмыстық іске қатысты өткен басты сот отырысы барысында бөлімшенің кассирі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, бұл оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған болатын. Банк бөлімшесі 2017 жылдың маусымында тоналған еді.
Кассир қыздың айтуынша, сол күні банк бөлімшесіндегі ақша лимиттен асып кеткен, сондықтан ірі сомадағы қаражатты Ұлттық банкке жіберу жоспарланған екен.
Төлем терминалдарындағы ақшаның барлығы да шешілген екен. Клиенттер дәл сол күні теңгені 300 мың долларға айырбастаған екен. Нәтижесінде банкте тағы 100 миллион теңге тұрған.
Осылайша, төтенше жағдай болған кезде банктегі сейфте шамамен 135 миллион теңге болған.
"Мен бума ақшалардың барлығын санап, жинастырып, банк шотымен салыстырмақшы болдым. Сол сәтте есіктің алдында бір адамның тұрғанын көрдім. Үстінде көк күртке болды. Оған жақындап "мұнда бөтен адамдарға кіруге болмайды" дедім. Кейін оның қолында тапанша бар екенін байқадым. Бірде ол маған "Зардап шеккіңіз келмесе, ары тұрыңыз" деді", - деп еске алды куәгер.
Оның айтуынша, ер адам оған орнына отырып, ештеңе ұстамай, басын төмен түсіріп отырсын деп айтқан.
"Үстелдің үстіне жол сөмкесін қойды. Сигналды енді басайын дегенде ол байқап қалып, "тыныш отыр" деді. Ақшаның барлығын сөмкесіне сала бастады. Басқа ештеңе деген жоқ. Оның кеткенін естіген кезде сигналды шақырдым. Ресепшнге хабарласып, әкімшіге күзетшіге осы шабуыл жайлы хабарлауын айттым. Сосын бөлімше директорының орынбасарына хабарластым", - дейді кассир.
Оның айтуынша, банк қызметкерлеріне сейф тұрған бөлменің есігін ашып қоюға тура келеді. Себебі онда мүлде ауа жоқ және ыстық екен. Нәтижесінде, кассирдің айтуынша, 65 миллион 610 мың теңге жетпей тұр.
Сондай-ақ, сот отырысына банк күзетшісі қатысып отыр. Оның айтуынша, сол күні банкте күзетшілер жетіспегендіктен оны басқа бөлімшеге ауыстырған.
"Олар адамдардың жетіспейтінін жақсы біліп отыр. Сондықтан мені жоғарғы қабатқа жіберді. Соңғы үш-төрт күн мен жоғарғы қабатта жүрдім", - дейді күзетші. Оның айтуынша, ол бұл шабуыл жайлы басқа қызметкерлерден естіп, қоймаға қарай түскен.
Сот отырысы барысында тергеу органдарының көмегімен банкке 65 миллион 310 мың теңгенің қайтарылғаны белгілі болды.
Өз кезегінде сотталушы Иван Жуков барлық қаражатты толықтай қайтарғанын айтты.
"Он мыңдық алты бума, бес мыңдық бір бума мен тағы бір бумада 310 мың теңге болды. Барлығын қайтардық", - деді сотталушы.
Бірақ банктегілер тағы 300 мың теңгенің жетіспейтініні айтып, осы соманы қайтаруын талап етіп отыр.
Айта кетейік, сот алдына "Альфа-Банк" АҚ қызметкері Максим Бескишкин мен оның сыбайласы делінген Иван Жуков келді. Олар Алматыдағы "Альфа-Банк" бөлімшесін тонады деген күдікке ілінген болатын. Айыпталушылардың бірі тағы 300 мың теңгені қайтаруға келісті.
Еске сала кетейік, 28 маусымда Алматы қалалық ІІД өкілдері екінші деңгейдегі банктердің бірі тоналғаны туралы мәліметті ресми түрде растаған болатын. Тонау дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы ("Тонау") бойынша іс қозғалды. Ұрылар ірі көлемде қаражатты алып кеткен еді.