Алматыдағы Ардагерлер үйінің басшысы алаяқтығы үшін тағы алты іс бойынша сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Алматы қалалық ардагерлер үйі. ©dkz.enbek.gov.kz Алматы қалалық ардагерлер үйі. ©dkz.enbek.gov.kz

Алматыда қарттардың мүлкін заңсыз иемденгені үшін 5 жылға сотталған Ардагерлер үйінің басшысына қатысты тағы да 6 қылмыстық іс қозғалып, жазасын өтеу мерзімі 8 айға ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Әуезов аудандық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қарттардың мүлкін заңсыз иемденгені үшін 5 жылға сотталған Ардагерлер үйінің басшысына қатысты тағы да 6 қылмыстық іс қозғалып, жазасын өтеу мерзімі 8 айға ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Әуезов аудандық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ардагерлер үйін тексеру барысында Ахмадиеваның жасаған өзге де қылмыстарының беті ашылды. Ардагерлер үйінің директоры Ахмадиева мен оның орынбасары Оразғұлова тағы 3 қарт адамның баспанасын әлеуметтік нысан ретінде қажет деп алдап алып, сатып жібергені анықталды. Айта кетейік, ардагерлер үйін қажетті нысанмен мемлекет тегін қамтамасыз етіп отыр. Бұдан бөлек ардагерлер үйінің басшылары жоқ адамдарды қағаз жүзінде жұмысқа қабылдап, еңбекақысын өздері алып отырған. Сөйтіп ардагерлер үйінің басшылығына қатысты тағы 6 қылмыстық іс қозғалып, Ахмадиеваның жазасын өтейтін мерзімі 8 айға ұзартылды, ал оның орынбасары Оразғұлова 5 жылға сотталды.

Еске сала кетейік, ардагерлер үйінің директоры Ахмадиева өзінің ұлы Құрмашевпен, мекеме заңгері Әжмұратовамен және нотариус Ержановамен бірлесіп Копылевич деген азаматқа тиесілі пәтерді заңсыз иемденіп, оған 4,5 миллион теңге залал келтірген болатын. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, 2014 жылы тамыз айында Ахмадиева 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Құрмашев 3 жылға шартты түрде сотталды. Әжмұратова мен Ержанова айыпты деп танылғанымен қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімінің аяқталуына байланысты жазадан босатылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course down  533.94  course down  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer